Банкроттық саласындағы дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті 35 млрд теңге көлеміндегі несиелік берешекті өтеу мүмкіндігіне қол жеткізді - ҚР Қаржы министрлігі

"Банкроттық саласындағы дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті құрылған сәттен бері 16,5 мыңнан астам дәрменсіз борышкерлер жойылды. Осы орайда 17,2 млрд теңгенің әлеуметтік кезектері бойынша несиелік берешек өтелді. Басқа кредиторлардың 18,5 млрд теңге көлеміндегі талабы өтеліп, бюджетке 20 млрд теңгеден астам қаржы құйылды", -деді Д. Байымбетов.

Оның айтуынша, комитет аккредитациялаған тұлғалар осы уақытта 146 ұйымда сауықтыру процедураларын жүргізіп, тағы да 41 ұйым "сыртқы бақылау процедурасына қамтылды".