Банкроттықты оңалту жөніндегі елордалық басқарманың конкурстық басқарушысына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

Пара беруге итермелеу және алаяқтық фактісі бойынша іс материалдары маусымның соңында прокуратура органдарына жіберілді, қазіргі кезде іс сотта қаралуда, дейді қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Шенеунік 2014 жылы 19 маусымда жеке кәсіпкерді алдау және сеніміне кіру арқылы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына пара ретінде 1 млн теңге беремін деп желеу етіп одан 400 мың теңге алғаны үшін айыпталуда.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.