Нұрдәулет Сүйіндіков, Бас прокуратураның ресми өкілі:
-Бірқатар тұлға анықталды, оларға қатысты қажетті тексеру шаралары жүргізілуде. Талап арыз енгізілді, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
Белгісіз біреулер «WhatsApp» желісі арқылы "Kaspi ", "Альянс " және "ЦентрКредит" банктері «жабылады», депозиттегі ақшаларыңды «дереу алыңдар» деп таратқан хабарламасы жағдайды әлі ушықтырып тұр. Девальвациядан кейін сенуден қалған салымшылар сабырға шақырған Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың сөзін де елер емес. Қазір банктер жалған смс-тен келген шығындарын есептеп жатыр.