Банктер банкрот болмайды

-Түрлі арандатуларға еріп есі шыққан жұрт Ұлттық банк төрағасының басуын елеген жоқ. Сондықтан мәселені Елбасының өзіне қолға алуға тура келді. Девальвациядан кейін осымен екінші рет Нұрсұлтан Назарбаев арнайы мәлімдеме жасап отыр.

Бүгін мемлекет басшысы премьер, экономика мен қаржы министрлерін, Ұлттық банк төрағасы мен басқа да жауапты шенеуніктерді Ақордаға шұғыл жинады. Девальвациядан кейін 3 бірдей банк «банкротқа ұшырайды» деген қауесеттің соңы ел ішінде дүрбелең тудырған болатын. Салымшыларды сабырға шақырған Елбасы бірде-бір банктің жабылмайтынын шегелеп айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Қазақстанда бірде-бір банк банкрот болмайды. Банкрот болса, 2009 жылы қызметкерлері 10 млд теңгені ұрлаған  БТА банк құлдырар еді ғой. Біз оған жол бермедік. Адамдардың салымы болғандықтан басқа банктердің де, банкрот болуына жол бермедік. Мемлекет  салымшылардың депозитіне кепілдік береміз. 

Ал «Каспи», «Альянс», «Центркредит» «банкрот болады» деп жалған СМС хабарлама таратқанқандардың алды ұсталып абақтыға жабылды. Олар Алматыдағы жеке компанияның бірнеше қызметкері мен банк заңгері болып шықты. Енді оларды қатал жаза күтіп тұр.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-  Жалған ақпарат таратқандарды ұстадық, олар жазаланады. Неге олай істеді, қандай мақсатты көздеді бұл сұрақтарға заң алдында  жауап береді.  Сондықтан сабыр сақтау керек. 

Бұл жолы ұлттық қор тағы көмекке келеді. Сондағы қаржыдан  экономиканы қолдау үшін 1 триллион теңге бөлінбек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Ұлттық қорды жинамай-ақ, барлығына аздан- аздан таратып жіберу керек деген әңгіме шығарып жүрді. Егер таратып жіберген болсақ, қазір біз Греция құсап отырар едік. Ішіміздегі тыныштық да болмас еді. Экономиканың өсіп өнуі де болмас еді. Осының барлығы ұлттық қордың істеп отырған бізге көмегі. Біздің қорды жинағанмыздың дұрыстығын айтады. Басқа сөздің барлығы бекер.

-Осылай деген президент қаржы нарығында тосын өзгерістердің болмайтынын айтты. Ал Үкімет пен Ұлттық банкке ахуалды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.