Банктердің қазіргі несие саясаты — экономиканы дамыту емес, тұтынушылық несие арқылы мол табыс табу. Мұндай пікірді экономист Бауыржан Ысқақов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
«Президенттің осы жолғы Жолдауында банктер туралы жаңа заң әзірлеуді тапсыруы — өте орынды бастама. Өйткені, дәл қазіргі банктердің несие саясаты, несие қоржынының құрылымы экономиканы дамытуға емес, тұтынушылық несиені неғұрлым көп беру арқылы табыс табуға бағытталғанын ашық айтуға негіз бар. Сол үшін жалпы әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, банктер туралы арнаулы заң қабылдануы қажет. Экономикаға қандай банктік өнім тиімділік, табыс әкелсе, соның бәрін қолдауымыз керек», — дейді экономист.