Ұлттық валютадағы несиелер бір айда 3,8% көбейіп, 1038,2 млрд. теңге болды, ал шетел валютасымен таратылған несиелер 2,5% өсіп, 998,8 млрд. теңге болды. Нәтижесінде, теңгелік кредиттердің үлес салмағы 2005 жылғы шілдемен салыстырғанда 50,7%-дан 51,0%-ға дейін артты.
Ұзақ мерзімді сияқты, қысқа мерзімді несиелердлің өсу үрдісі байқалады. Мәселен, ұзақ мерзімді несиелер 1382,5 млрд. теңгені құрап, 4,0% өсті, ал қысқа мерзімді кредиттер - 645,5 млрд. теңгені құрап, 1,5% өсті. Жиынтығында ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы 67,3%-дан 67,9%-ға дейін артты.
Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттері шілде айымен салыстырғанда тамыз айында 413,0 млрд. теңгені құрап, 3,4% көбейді.
Экономика салалары бойынша алсақ, сауда (25,7%), өнеркәсіп (17,3%), құрылыс (11,7%) және ауыл шаруашылығы (6,5%) сияқты салалар анағұрлым белсенді түрде несиеленуде.
Тамыз айында банкке жатпайтын заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы несиелері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 14,0% болса, жеке тұлғаларға берілген несиелер (19,3%) шілде айындағы деңгейде өзгеріссіз қалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті