Банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 10 айда 29,4% өсті

Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 96,3%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі - 3,7%. 2006 жылдың 1-ші қарашасында бұл арақатынас 90,0% және 10,0% құраған болатын.

Статистикалық мәліметерге сәйкес, 2007 жылдың қазан айында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған транзакцияларының көлемі 167,6 млрд. теңге құрады (өсім 2006 жылдың қазан айымен салыстырғанда 41,2%). 2007 жылдың қазан айында транзакциялардың саны 7,7 млн. транзакцияны құрап, 2006 жылдың қазан айымен салыстырғанда 24,0%-ға өскен. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдер санының (1,2 млн. транзакцияға дейін немесе 55,5%-ға) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар санының өсуімен (6,5 млн транзакцияға дейін немесе 19,5%-ға) салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуі байқалады.

2007 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 19 банк және "Қазпочтасы" АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card - "Қазақстанның Халықтық Банкі" АҚ, SmartAlemCard -"ТуранАлем банкі" АҚ, "Каспий банкі" АҚ, TemirCard - "Темiрбанк" АҚ, "Сити банкі" АҚ, "Цесна банкі" АҚ жергілікті карточкалары және Kazcard - "Казпочта" АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, Europay International, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті