"Банктік қызметтер қымбаттайды": Халықтың мойынына осындай салық жүктеу әділ ме?

Картадан басқа картаға ақша аударғаны үшін комиссия 150 теңге еді, енді жаңа Салық кодексі жобасында ұсынылған норма қабылданса, мұндай аударымдар шамамен 12%-ға қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл – Экономика министрлігінің төлем операцияларын ҚҚС-қа (НДС) салуға қатысты жоспары. Пластикалық карточаларды пайдалану, карточадан карточкаға аударымдар, шоттан шотқа аударымдар, төлемдер мен банктік қызметтер айтарлықтай қымбаттауы мүмкін.

Экономика министрлігі бұл шығындарды банктер өздері өтейді деп мәлімдесе де, сарапшылар бұл жағдай тұтынушыларға әсер етеді деп болжайды.

"Ашығын айтсақ – бұл шындыққа жанаспайды. Банктер ешқашан шығындарды өз есебінен жауып қалмайды. Олар міндетті түрде бұл шығындарды клиенттердің мойнына артатын болады. Өйткені банктер – қайырымдылық ұйымдары емес", - деп шүйлікті Асхат Аймағамбетов.

Бұл нормаға қарсы Ұлттық банк, Қаржыгерлер қауымдастығы, сарапшылар, тіпті «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да шыққан. Соған қарамастан, Экономика министрлігі бұл норманы Салық кодексі жобасына қосып отыр.

"Мұндай өзгерістер тек біздің шығындарымызды көбейтіп қана қоймайды, сонымен қатар қаржы жүйесіне деген сенімді де әлсіретеді. Бұл бастама әрбір азаматқа әсер етеді. Біз бұл норманы өзгерту үшін өз түзетулерімізді енгіздік", - деді депутат.

Сонымен қатар, Салық кодексіне электрондық шот-фактуларды рәсімдеу, әлеуметтік аударымдар мөлшерін көбейту, жеке табыс салығын қайта қарау, жоғары құнды мүлік пен көліктерге салықты көтеру сияқты өзгерістер де қамтылған.

Халықтың мойнына осындай салық жүктеуді әділ деп санауға бола ма?

Егер аталмыш өзгерістер толық күшіне енсе, банктік қызметтер қымбаттап, халықтың шығындары көбейеді деген пікірлер бар.

Бюджет тапшылығы мәселесін шешу үшін ең алдымен бюджеттің басым емес шығындарын қысқарту, артық жеңілдіктерді жою, сондай-ақ артық табыс тауып отырған салаларға, оның ішінде банктерге салынатын корпоративтік табыс салығын арттыру арқылы әрекет ету қажет еді.