Баннердегі есірткі жарнамасына қатысты күдіктілер Қарағандыда ұсталды

Қазіргі уақытта делдал ұсталды, онымен процессуалды жұмыстар жүргізуліп жатыр. Жарнамалық баннерлерді ілген заңды тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды,-делінген хабарламада.

Кеше әлеуметітк желілерде Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Шымкент қалаларындағы бірнеше жарнама баннерінде есірткі заттарын сататын сайт пен QR коды көрсетілгендігі хабарланған болатын.

Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы алғашында бұл сайтта басқа мәліметтер болғанын, баннер ілінген соң оны өзгертіп тастағандарын мәлімдеген еді. Көп ұзамай барлық қаладағы мұндай баннерлер алынып тасталды.