"БАҚ туралы" заң жобасы парламентке жолданды

Заң жобасын ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің басқаруымен құрылған жұмыс тобы жасап шығарды. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік мекемелердің, ҚР парламенті депутаттары мен Қазақстан журналистері конгрессінің өкілдері, журналистер одағының басшылары , сондай-ақ, Республикалық тәуелсіз телерадиохабарларын таратушылар Қауымдастығының өкілдері қамтылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы 2003-жылдың көктемінде Түркістан қаласында өткен Қазақтан журналистерінің екінші конгрессінде талқыланды. Ол сондай-ақ, еліміздегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен
азаматтық қоғамды дамыту және қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған ұсыныстарды дайындау жөніндегі тұрақты кеңестің отырысында да қаралды.
Заң жобасының мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарық көреді.