БАҚ туралы заңға мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған түзетулерді енгізу Қазақстаннның ЕҚЫҰ-ына төраға болу туралы талпынысын ілгерілетпейді – Ордвей

“Меніңше, БАҚ туралы заңға мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған түзетулер Қазақстанда тәуелсіз баспасөзді дамытуда бір адым кейін қарай жасалған қадам болып табылады”,- деді Д.Ордвей. “Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының БАҚ тәуелсіздігі жөніндегі өкілінің жуырда айтқан ескертпелері дұрыс әрі дәлме-дәл болып табылады және ол біздің көзқарасымызды да білдіреді”,- деді елші.

“Ал Қазақстандағы көзқарастар қарама-қайшы. Баспасөз саласында істейтін түрлі ұйымдармен көптеген кездесулер мен сұхбаттар өткізілді”,- деді ол. “Әрине бұл Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болу туралы талпынысын ілгері бастырмайды”,- деді Джон Ордвей.