БАҚ туралы жаңа заң ҚР Ата заңына қайшы - Н.Назарбаев

"БАҚ туралы заң" парламент қабылдаған үлгіде қабылданбайды,- деді мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 18-наурызында парламент "БАҚ туралы" заңды қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберді.
Аталмыш заңның маңызын ескерген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оны 31-наурызда Конституциялық кеңеске ҚР Ата заңына сәйкестігін сараптауға жолдады.