БАҚ туралы жаңа заңның жекелеген ережелері ҚР Ата заңына қайшы деп танылғандықтан заң қабылданбайды - ҚР президенті (толықтырылған нұсқа)

"Мемлекет басшысы ретінде менің Конституциялық кеңестің шешіміне вето қоюға құқығым бар",- деді президент. Алайда, "проблеманы құқықтық аяда шешу қажеттігін, сондай-ақ, қоғам және журналистер пікірін ескеру негізінде Конституциялық кеңестің шешіміне вето қоймауды ұйғардым",- деді мемлекет басшысы. Сөйтіп, "БАҚ туралы" жаңа заң қабылданбайды деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы жаңа заңды талқылау барысы қоғамда үлкен резонанс туғызғанын МедиаФорумға қатысушылардың есіне салды. "Заң жобасы төңірегінде қоғамда бір-біріне мүлдем кереғар пікірлер айтылды. Бұл біздің қоғамымыздағы демократияның басты бір нышан белгісі деп білемін",- деді Н.Назарбаев.
Дейтұрғанмен, Елбасы БАҚ туралы заң бойынша атқарған жұмыстары үшін үкімет пен парламентке ризашылық білдірді.