БАҚ-тардағы үгіт-насихат материалдарының санымен "Нұр Отан" және ЖСДП партиялары алда келеді - ОСК

"Әлеуметтік технологиялар орталығы атты тәуелсіз талдамалық құрылымның мәліметтері бойынша, 2-тамызда эфирге шығарған материалдардың санымен "Нұр Отан" және ЖСДП партиялары алда келеді, бұл партиялар тиісінше 29 және 20 материал берген. "Руханият" партиясы -20 , "Ақжол" демократиялық партиясы - 15 материал берген, -деді Қ. Тұрғанқұлов.

"Уақыт көлеміне қарай бірінші орында - "Нұр Отан" мен Қазақстанның "Ауыл" социал-демократиялық партиясы тиісінше 2510 және 2010 секундпен алда тұр. Бұдан кейінгі орындарда "Руханият", "Ақжол" демократиялық партиясы, ЖСДП тұр", - деді ОСК.

Қ. Тұрғанқұловтың айтуынша, ОСК 26 баспа, 8 республикалық электрондық БАҚ-тар мен 16 веб-сайтқа мониторинг жүргізуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті