Бақты-Таскескен тас жолында шетелдік көліктердің соқтығысуынан 4 адам мерт болды

жол-көлік апаты орын алды: «Фольксваген» мен «Ауди» көліктерінің соқтығысуы салдарынан екі жүргізушісі мен 2 жолаушы жан тәсілім етті.

Екі көліктің тағы 6 жолаушысы түрлі ауырлықтағы жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Ауди» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай жолдың қарсы бағытында келе жатқан көлікпен соқтығысқан.

Айта кетейік, өткен тәуліктерде өңір жолдарында 2 адам көз жұмды: Зайсан мен Шемонаихада көлік жүргізушілері 39 және 27 жастардағы екі ер адамды қағып кетті.