Бақыт Сәрсекбаев: Головкин әдеттегідей керемет бокс көрсетеді

«Головкин бізге әдеттегідей әдемі, керемет бокс көрсетеді және бұл жекпе-жекті нокаутпен жеңеді деп ойлаймын. Геннадий әрқашан жақсы айқасқа, жеңіске дайын. Бұл кездесу оған еш қиындық тудырмайтынына сенімдімін. Сөз жоқ, ол жеңіске жетеді», - деді Б.Сәрсекбаев.

Боксшының айтуынша, Головкин қазір өзінің ең шырқау шегіне жетіп тұр.


«Оны бүкіл әлем таниды. Әуесқой бокста болсын, кәсіпқой бокста болсын ол үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ол өзінің еңбегімен және күшімен осындай биікке жетті», - деп атап өтті ол.