Бақыт Сұлтанов ҚМГ, "Эйр Астана" және "Қазатомөнеркәсіп" компаниялары қашан сатылатынын айтты


Бұл туралы Reuters агенттігіне Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Кипрде өтіп жатқан Еуропалық реконструкция және даму банкінің жыл сайынғы отырысында мәлімдеді. Компаниялардың акциялары IPO арқылы сатыла бастайды. 2016 жылдың соңында Өмірзақ Шүкеев алдағы бірнеше жылда қазақстандық ірі компаниялардың сатылымға қойылатынын мәлімдеген еді. Айтуынша, сатылымдар мемлекеттік комиссия шешім шығарғаннан кейін ғана басталады.