Бақытбек Есентаев Баянның кіммен жүретінін білгенімен, отбасына кесірім тимесін деп, сотта оның атын атамаған

Жексейітов бұл туралы Today.kz  порталына берген сұхбатында айтты.

Баян Мақсатқызының жақында Жоғарғы соттан бұрынғы күйеуін жазадан босатуды сұрағаны белгілі. Оның адвокаты аталған органға кассациялық іс қозғау туралы өтініш жазбақ. Бақытбек Есентаевтың адвокаты да дәл сондай өтініш жолдаған.

«Бұл жерде Бақытбектің бұрын сотталмағанын, ал Баянның жүріс-тұрысының қандай болғанын ескеру керек. Ол (Баян – ред.) сотта өзінің некеде бола тұра басқа еркекпен жүргенін мойындады. Бірақ соны судья ескерген жоқ. Осы жағдайларға байланысты біз бас бостандығынан айырмайтындай немесе шартты жаза кесуді сұраймыз» дейді Бекболат Жексейітов.

Сондай-ақ, ол Бақытбек Есентаевтың сот барысында өзінің мұндай қылмысқа баруына жұбайының көзге шөп салғаны себеп болды деп мәлімдегенін жеткізді. Адвокаттың айтуынша, оның қорғауындағы азамат алғашқы сотта-ақ былай деген: «Иә, оны ұруыма көзіме шөп салғаны, опасыздығы себеп болды. Бірақ ол адамның (Баянмен жүрген – ред.) кім екенін айта алмаймын. Өйткені оның да отбасы бар. Бұрынғы әйелімнің азғындық әрекетінің кесірінен бұл отбасының ойран болғанын қаламаймын».