Бақытбек Есентаевтің қамау мерзімі ұзартылды

Сот Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевтің қамау мерзімін үш айға дейін ұзартты. Қамау мерзімін ұзарту туралы өтініш Алматы облыстық ІІД тергеу бөлімінен келіп түскен. Бұл туралы «Радиоточка» тілшісіне Талғар аудандық сотының меңгерушісі Асқар Қалмақбаев айтқан.

«Заң бойынша, мерзімін ұзарту туралы өтініш қамау уақыты бітуге бір апта қалғанда беріледі. Өтініш жұма күні келіп түсті. Екі тараптың қатысуынсыз соза аламыз. Сенбі күні қаулы шығардық. Бір айға создық,- деді ол телефон арқылы.

Тергеу амалдарын уақытында аяқтау мүмкін болмай жатса, қолданыстағы заң бойынша, сот алдыңдағы қамау мерзімі прокурордың мақұлдауымен ұзартылады.


Еске сала кетсек, Баян Есентаева 10 маусым күні пышақ жарақаттармен Талғар аудандық ауруханасына ауыр күйде жеткізілген болатын.

Күдікті ретінде оның күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынды. ҚР ҚК 106 бабы, яғни «қасақана дене жарақатын салу» дерегі бойынша тергеу амалдары басталды. 13 маусымда оны екі айға қамау туралы сот санциясы шықты.