Бақытгүл Хаменова екі айға қамауға алынды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Сот мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы бойынша шенеунікке бұлтартпау шарасы өзгертілген. Атырау облысының прокуратурасы Хаменованы қамауға алу туралы өтініш берді.

 

Айта кетейік, тергеу судьясы күдікті жалғыз басты әйел, Атырау қаласында тұрақты мекенжайы барын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, жалтармағандығын, бұрын сотты болмағанын, жалғыз өзі екі жас баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының бар екенін назарға алып, процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып  үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажет екені туралы қорытындыға келген еді.