Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке кірісті

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісті, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Комиссияның баспасөз қызметі мәліметінше, 1 ақпанда Санкт-Петербургте 25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысқа кірісті.

"Бүгіннен бастап ЕЭК алқасының төрағасы - Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев 2022 жылдың 1 маусымынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) қызметін атқарды.