“Бар болмысым осы”: Ақбота Керімбекова бояусыз түрін көрсетті

“Менің шынайы (макияжсыз) түрімді көргісі келетіндерге… Шынайы болуға қорықпаймын да, ұялмаймын да. Бар болмысым осы, шүкір. Апта басы, күндеріңіз сәтті болсын”, – дейді Керімбекова.

Желі қолданушылары Ақботаның бояусыз жас көрінетінін айтуда.

“Өте әдемісіз”, “Шынайы түріңіз әдемі қайта”, “Үнемі осылай жүрсеңіз күшті болар еді, қазағымыздың барлық қыздары әдемі”, “Көзіңіз ботадай әдемі екен”, “Қайта осылай жақсы”, – деп пікір білдірді желідегілер.