Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.
Желіде тараған видеода ересек адамның ауладағы баланы бар күшпен теуіп жібергенін анық көруге болады.
Жазба авторы оқиға Алматы қаласы, Алатау ауданындағы "Каспий" тұрғын-үй кешенінде орын алғанын айтады. Пабликтің мәліметінше, балалар арасында түсініспеушілік орын алған. Осылайша ер адам жасөспірімді жүгіріп келіп, теуіп жіберген.
Ол аздай оның әйелі де келіп, баланың әжесінің көзінше оның құлағынан бұраған. Өкініштісі, ерлі-зайыптылар бұл жағдайда өздерін кінәлі сезінбейді.
Қазіргі таңда учакскелік полицейлердің айтуларынша, қос тарап өзара келісімге келе алады. Десе де, баланы тепкен ер адам баланың еміне қажет соманы өтеп беруі тиіс.
Желі қолданушылары аталған жайтты қызу талқылап, ер адамды жауапкершілікке тарту қажеттігін жарыса жазуда.