Бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бибігүл Дәулетбекқызы отандық кәсіпкерлерден Нариман Құрбановқа үй мен көлік әперуін сұрады.
"Алып берсеңдерші мына жігітке де! Ақшаларыңды айдаладағы #эскорт қыздарға да миллиондап шашып жатсыңдар ғой.
Қазақтың түбіне жететін: теріс ағым, рушылдық, жершілдік, жемқорлық! Қалталылардың да жүрегінде патриоттық сезім мүлдем жоқ. Бұл Нариман да біздің Қазақ елінің туын аспанда желбіретіп, күміс алды емес пе? Неге енді бөліп-жарасыңдар?! Бар жазығы - ұлтының қазақ болмауында ма?!
Білем, мемлекеттен берілетін қомақты қаражатты. Әйтсе де, бөліп-жармаңдаршы ешкімді. Мәселен, бір топ кішкентай балаларға балмұздақ береді де, сенің балаңа бермесе қандай күйге түсесің?! Үлкендер сендер солай жасайсыңдар, әрине жас буын теріс ағымның жетегіне оп-оңай кетіп қалады.
Миллионерлерді белгілеңіздерші осы постың астына. Кеше ресейлік миллионер Дуров $360 000 бөлді деп жатқан еді ауыл балаларына. Көрдіңіздер ме, кейбіреулер ұлтқа бөлініп жатқанында, сол басқа ұлт біздің балаларымыздың жыртығын жамауда.
Өзбек ағайындылар барлығын бөліп-жармай теңдей берді. Біздікілер бірімен-бірі рушылдыққа салынып дарақылануда. Осыдан кейін Сендер ақыл айтпай-ақ қойыңдаршы, көкебастар!", - деп жазды ол.