Барак Обама АҚШ-та президенттік сайлауда жеңіске жетті

Бұл туралы дауыстардың дербес есебін жүргізіп отырған CNN телеарнасы хабарлады.

Осылайша Обама екінші кезеңге қайта сайланды. Митт Ромни 201 дауыс жинады. АҚШ-та Президенттік сайлауда кем дегенде сайлаушылардың 270 дауысын жинай алған үміткер жеңіске жетеді. Сайлау «жеңімпаз барлығын алады» жүйесі бойынша өткізіледі.