Би-Би-Си тілшісінің айтуынша, Вашингтондағы Джорджтаун университетінде өткен кедейлікпен күрес тақырыбындағы саммитте сөйлеген сөзін
Обама алдын ала дайындамаған, сол жерде айтылған мәлімдеме. Жиында Обама хедж-қордың басшылары секілді ірі байларды лоторея жеңімпаздары, өмірде жолы болып кеткендер деп атады.
Оның айтуынша, АҚШ-тың 25 қаржы менеджерінің жалақысы елдегі бүкіл балабақша тәрибешілерінің жалақысына тең болуы - әділетсіздік.
БАҚ өкілдерінің бағалауынша, Обаманың 2016 жылғы сайлау науқанының тақырыбы осы табыс, жалақы теңсіздігі болмақ.