Барак Обама Ресей президентін Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды тұрақтандыруға ықпал етуге шақырды


Ақ үй баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б.Обама Украинадағы тұрақсыз күштер қаруды тапсыруы тиіс екенін айтты.

Сонымен қатар, ол В.Путиннен «беделін пайдаланып, елдің оңтүстік-шығысындағы ахуалды реттеуге және Киев билігінің қарсыластары басып алған ғимараттарды босатуына ықпал етуді» сұрады.