Барак Обаманы Американың 17 штаты сотқа берген


Олардың айтуынша, президент бұл әрекетімен ел конституциясына нұқсан келтіріп отыр, деп жазады жергілікті БАҚ.
Техастың Бас прокуроры Грег Эбботтың айтуынша, «президент конгресс тарапынан қабылданған заңдарды орындаудан бас тартып, ешқандай құқығы жоғына қарамастан заңдарды қайта жазуға тырысып жатыр».
АҚШ-та Б.Обаманың иммиграциялық реформа туралы ұсынысы үлкен дау тудырған болатын. Президент АҚШ-та бес жылдан астам уақыт тұрған шетелдіктерді депортациялаудан босату мерзімін үш жылға ұзартуды ұсынды.