Бүгін таңнан бері базарлар ауыр техника мен балға-балта ұстаған жұмысшылардың қолымен қиратылуда. Алдын ойлаған саудагерлер апта басында бәледен аулақ деп тауарларын тиеп әкеткен еді. Ал сауда орынымызды бермейміз деп табандап тұрып алғандар бүгін бұзылған базарларға тек алыстан қарауға мәжбүр. Бір шеттен басталған барахолканы талқандау жұмысы енді тоқтаусыз жүрмек. Бұған дейін сот шешімдерін базар басшыларының қолына ұстатып әдеп сақтаған билік өкілдері енді ешкіммен мәймөңкелеспек емес. Сот орындаушылары шыққан шешімдердің барлығын іспен болмаса күшпен орындауға бел шешкен.
Рақым Орымбаев, сот орындаушысы:
- Мәжбүрлі түрде орындаған. Міне «Ұлыгер», «Арал» өз еркімен орындап отыр. Арғы жақта «Алатау» базарының қасында “Жанат” ЖШС деген базар бар. Оны мәжбүрлі түрде орындап отырмыз. Оны Жетісу аудандық әкімдігінің адамдары жұмысшыларын салып мәжбүрлі түрде орындап отырмыз соны.