Барахолкадағы өртке дәнекерлеу жұмыстары себеп болуы мүмкін

Алдын  ала болжамға  қарағанда, рынокта 5,4 мың шаршы метр алаңның өртенуіне дәнекерлеуші жұмыстар себеп болған болу керек, деп хабарлады сәрсенбіде  ТЖ жөніндегі қалалық департаменттің бөлім бастығы Нариман Ержанов.


           "Өрттің басталуына "Олжа" рыногында контейнерлердің бірінде дәнекерлеуші жмұыстардың жүргізілуі не "болгарканың" пайдаланылуы себеп болған болу керек, деді Н.Ержанов.
           Басқа да  болжамдар да қарастырылуда деді ол, әдейі өртеу,  отты абайсыз пайдалану да жоққа  шығарылмайды", деді ол.
           Н.Ержановтың айтуынша, өрт-техникалық сартаптамасын жүргізу үшін "Қарағанды сынақ  зертханасының мамандары қатыстырылған.
           Алматыда рыонктарда өрт өткен жұмада күндіз басталып, сенбіде таңертеңгілік ғана сөндірілген, соның салдарынан 300 бутик өртенген.