Көпшілік оны әйелі Балжан Бидашпен айырылысып кетті деп болжауда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Актер желідегі парақшасында «Бәрі бітті» деген Stories қалдырған. Көпшілік оны жеке өміріне қатысты жаңалығы деп топшылаған. Олар актер мүмкін әйелі Балжан Бидашпен айырылысып кетті деп болжауда.
Десе де желі қолданушыларының кейбірі оны хайпқа балап отыр.
«Өтірік, жай хайп қой», «Күзде жаңа фильмінің тұсаукесері болады, соның алдында ел назарын өзіне аударудың жолы ғой», «Не болса да өздері шешсін» деп жазды олар.