Бұл туралы ол instagram парақшасына жарияланған бейнежазбада айтып берді.
Халқына алаңдамауын сұраған Зайытов мәлімдеме жасады.
"Қадірлі ағайын! Мен басында да айтқанмын, аяғында да айтамын. Мен ешқашан бір өзгерістің адамның қан төгісімен жасамаймын. Сондықтан, аман сау болыңыздар. Сіздерге айтатын көп рақметім бар. Алла қаласа 2-3 күн демалып, өз-өзіме демалып алайын, содан баршаңызға өз алғысым бар, оны да әлі естисіздер. Біреулердің бос әңгімесіне ере бермеңіздер", - деп айтылған бейнежазбада.