Полиция департменті әлеуметтік желілерді бақылау кезінде осы видеоны анықтаған.
Бәріңе сәлем, достар! Кім күйзеліске душар болса, жүрегі ауырса, жұмыста, отбасында қиындықтар туындаған болса... Біреуді несие қинауы мүмкін. Уайымдамаңыз. Бәрібір бәріміз өлеміз, - деп видео түсірген ол.
Тексеру кезінде видео авторы әнші және актер Талғат Кенжеболатов (Кентал) болып шықты.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, видео халықтың полицияға деген наразылығын туғызған. Себебі әлеуметтік желі қолданушыларының көбісі оны шынымен де құқық қорғаушы деп ойлаған.
Алматы полициясы бұл видеодағы полиция формасындағы ер адам іс жүзінде ішкі істер органдарының қызметкері емес екенін хабарлайды. Талғат Кенжеболатовтың іс-әрекетіне қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі. Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына және қайғылы оқиғаларға байланысты қалыптасқан жағдай аясында мұндай үндеулер, тіпті әзіл үшін болса да, әсіресе, полиция формасын қолданғаны орынсыз,
- дейді баспасөз хабарламасында.