Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Тимур Балымбетов Роза Рымбаеваның сахнадағы шығармашылығына 50 жыл толуына орай, деректі фильм түсірген.
"Иә, ондай министр болды. Мен кейбір нәрселерге бей-жай қарай алмаймын. Мәселен ол жерде әділетсіз болса, көз жұма қарай алмаймын. Мен үлкен адаммын, кішкентай қыз емеспін ғой. Менің сахнада жүргеніме 50 жыл болды, жасым туралы айтпай-ақ қояйын.
Мен өз жолымды тапқан ересек адам ретінде оған құқығым бар деп есептеймін. Неге мен өз пікірімді айтпай, бұғып қалуым мүмкін?
Неге мен айтпауым керек? Мен ешкімді сырттай жамандап жатқаным жоқ, бәрін бетке айтамын, ондай адам ешкімге ұнамайды", - деді ол.