Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Блогер оның орнына жастарға үй, көлік әперуді ұсынды.
"Дүние тозады, ешкім көріне әкетпейлі, бәрін құрту керек. Қолдамаймын, тоқтату керек соның барлығын. Құдағидың абысынының келініне шуба демей, сол ақшаға міне айналайындар, бір-бірімізге өтірік мақтанып, көз қыздырғанша, міне деп ақшалай беру керек, машина мен үйін алып беру керек. Қалғанын тірі адам тіршілігін жасайды ғой, ыдыс-аяқ, басқасын, кәкір-шүкірді өздері толтырып алады.
Оқысын, шетелге барып оқып келсін, үй, көлік алғылары келмесе. Болашағы болады сонда, ал шубаның екі жылдан кейін модасы өтеді. Екі жылдан кейін не істейсің оны? Оранып жатасың ба?