"Бәріне бірден қол жеткізген жоқпын": Ерке Есмахан күйеуімен арасындағы қиындықтар туралы алғаш рет айтты

Ерке Есмахан осы орайда алғаш рет отбасылық өмірде кездескен қиындықтары туралы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Мен не байқадым? Кеше ерінбей барлық жерде жазылып жатқан концерт туралы пікірлерді бір шолып, оқып шығуға тырыстым. Концертті тек "жақсы өтті" деп қоймай, "жаңа уровень" деген сөзді халық жиі жазыпты. Риза болдым жолдасым үшін. Еңбегі ақталды, мақсаты орындалды! Шүкір!

Бірақ байқағаным ол емес. Байқағаным, біздің жұбымызды, жанұямызды жақсы көретін адамдардың көбейгендігі. Бұрынғыдай қабылдай алмау, шеңберден шықпау деген түсінік жоқ. Еркектің сөзіне, жасына емес, жасаған ісіне мән беруді түсініпті. Ал, әйелдің әдемілігі мен ақылдылығы ұштасса, бәрі керемет болатынын жазыпты.

Бұрынғыдай жаман пікір, хейт жоқтың қасы. Бақыт тілеп, сүйсініп, батасын беріп жатқандар өте көп.

Дегенмен, арасынан табылады: өз өмірлеріне өкпелі, ауыр-ауыр сөздер жазып отыратындар немесе жеңіл мазаққа жақын адамдар. 1 жаман комментке бізді жақтап 10 жауап қайтарып отыратын жанашырларымыз да көп екен. Өз көзіммен оқып, көріп кәдімгідей гүл-гүл жайнап отыр ішім.

Жандарым мына жалған өмірде келеміз де, кетеміз. Болмайтын нәрсеге уақыт құртпаңыздар. Фокус тек өзіңізде болсын. Ештеңеден қорықпай, өздеріңіздің бақыт, тыныштық, махаббаттарыңыз үшін күресіңіздер. Қиындау болып жатса, мені естеріңізге алыңыздар. Мен де бәріне бірден қол жеткізген жоқпын. Мен сіздерге живой примермін. Құшақтадым", - деп жазды әнші.