«Бәріне дайынмын» Камшат Жолдыбаеваның екі бейнебаянына түскен Рүстем Жаныаманов шындықты айтты

Бұл туралы Caravan.kz  медиа-порталы "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

9 жыл бұрын бойдақтықпен қош айтысқан Рүстем Жаныаманов Камшат Жолдыбаеваның бейнебаяндарынан төбе көрсетіп жүр.

Рүстем ЖАНЫАМАНОВ:

«Бұл жерде режисер ғой. Ернар Нұрғалиев шақырған соң бардым. Өйткені ол біледі кім қандай рөлді алып шыға алады,  кімге қандай рөл жарасады деген сияқты.

Маған басында ұсыныс жасағанда басқа рөлді айтқан болатын. Кейіннен бандиттің рөлін көрші деді. Мен ондай рөлді ойнап көрмегем. Бағымды сынап көрейін дедім.

Бұл бейнебаянды қатты ашық сахна деп айта алмаймын. Өйткені бұл кісілер нағыз мамандар. Көп сөзге келудің де қажеті жоқ. 

Тыңда мені бейнебаянын көргендер қазірше мақтап жатыр. Теріс пікір айтқан адамдарды көрген жоқпын. Айтса да бетіме айтпапты. Бірақ көбіне мақтап жазып жатады.

Ал екінші бейнебаянына келсем Ернар Нұрғалиевпен жұмыс жасаған соң ол кісі ойланбастан мені шақырды, мен де келістім.  


'Экс-экс' әнін тұрпайы, анайы сөзге келеді дегенмен кейіннен мағынасы  «бұрынғы»  дегенін білдім.»-дейді актер. 

Сонда бірінші көрмей бара салдыңыз ба сценарийді? Әлде актермын деп кез-келген рөлге бара бересіз ба?!

«Иә, мен бәріне дайынмын. Тек айтатын ескертуім мен көгілдір жігіттің рөлін сомдамаймын.  Және төсек сахнасын. Енді оны кесіп айта алмаймын, кім қалай түсіреді деген сияқты ғой. Ал мен актер болғандықтан бәріне дайынмын»  -деп сөзін аяқтады. 

Желідегі оқырмандар: "Осы жігіт нағыз актер"," Жарайсыз", "Ризамын",'Қылышбек қой мынау"," Жақсы көрем осы актерді"- деген пікірлер жазды.