"Бәріне күмәнмен қарай бермей, жақсылықты да көру керек": Гүлбану Әният Баян Алагөзова туралы

Көпшілік оның бұл әрекетіне қолдау көрсеткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Баян Мақсатқызының әрекетіне қолдау көрсеткендердің бірі журналист Гүлбану Әниятқызы. Ол желідегі парақшасында бәріне күмәнмен қарауды доғару керек екенін жеткізді.

"Баян Алагөзова актриса Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн зейнетақыны өмірінің соңына дейін төлеуді ұсыныпты.

Баян “күйеуі Тұрсын екеуміздің атымыздан “ деді. Мықты екен.

Жақсылық жасап, көмек көрсетіп жатса “пиар”, “хайп” деп жатамыз ғой. Керісінше пейілі кең, ішкі мәдениеті жоғары, мәрт, жомарт жандар екенін тағы бір рет дәлелдегендей. Бәріне күмәнмен қарай бермей, жақсылықты да көре білу керек шығар", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі продюсер актриса Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге беретінін айтқан еді.