Баритон Сүндет Байғожин үшін Еуропаға жол ашылды


Кассадағы билеттер әлдеқашан сатылып кеткен, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен. 

Бүгінде әнші белгілі итальяндық дирижер Ядер Биньяминимен қызу дайындық жүргізіп жатыр. 

«Бұл мен үшін өте маңызды қойылым, себебі бұдан ары қарайғы еуропалық мансабым осы жерде қалай өнер көрсеткеніме байланысты. Мен «Астана Опера» театры атынан тек «Богема» операсында ғана емес, сонымен қатар алдағы жылдың 14 сәуірінде осы сахнада қойылатын Джоаккино Россинидің «Севильдік шаштараз» операсында да ойнаймын», - дейді жетекші солист. 

Айта кетейік, баритон Сүндет Байғожин өткен жылдың 10 қарашасында Арена ди Верона қоры (Италия) өткізген конкурста жеңіске жетіп, беделді итальяндық Filarmonico театрында өнер көрсету мүмкіндігін иеленген.