Барлау аппараттарын жерден басқару кешені шілде айында пайдалануға беріледі


Бұл туралы ұлттық Ғарыш агенттігі төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.

«Қазір Астанада Ұлттық ғарыш орталығы салынып жатыр. Жерді қашықтықтан барлау жүйесінің жердегі сегменті орналаспақ. ЖҚБ спутниктері сол арқылы басқарылады және сол жер серіктерінен түскен ақпарлар қабылданып, сол жерде өңделеді. Жоспар бойынша кешен 2014 жылы пайдалануға берілмек», - деді Т.Мұсабаев дүйсенбі күні Қазақстан президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте.