Барлық аймақтарда инсульт орталықтары ашылады деп уәде берілуде

деп Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Серікбол Мусионов мәлімдеді.

«Басталған жаңа жылдан бастап министрлік мемлекеттік бағдарламаның басты бағыттары - ана мен бала өлімін азайту, қан айналымы жүйесі ауруларынан, онкологиялық аурулардан өлім-жітімді азайту, жарақат, туберкулезді азайту шараларын дамытуды жалғастырады», - деп ол үкімет басшысы сайтында орналасқан сұхбатында атап көрсеткен.
«Екіншіден, еліміздің барлық өңірлерінде инсуль орталықтары ашылмақ, үшінші көлік медицинасын дамыту, «алтын сағат» ережесін енгізу мәселесі тұр», - дейді ол.
С.Мусиновтың айтуынша, ведомство амбулаторлық дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді жетілдіру, трансплантацияны дамыту, өз денсаулығына барынша жауапкершілікті енгізу, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне инновациялық жобаларды және медициналық көмек көрсетудің озық технологиялары трансфертін енгізу, паллиативті көмек қызметін дамытуды жалғастырмақ.