Барлық белгілеріне қарағанда, Алматыдағы жарылыстар лаңкестік әрекетке жатады

"Алматы қаласының орталығында орналасқан ғимаратта әрбіреуінің қуаты 200 грамм тротилге парапар екі құтының пайдаланылуы қалалық ІІББ-ның айтқанындай бұзақылардың ісі болуы мүмкін емес",- дейді Л.Бакаев. Бүкіл нышан-белгілері айғақтап отырғанындай, бұл - алдын-ала жоспарланған саяси шара, дейді ол.

Сарапшының пікірінше, лаңкестік әрекет екі түрлі мақсатты көздеуі мүмкін: бұл не Қазақстанда жұмыс істейтін исламдық ұйымдардың сес көрсетуі, немесе, елдің оппозициялық күштерінің беделін түсіруге бағытталған әрекет болуы мүмкін.
Сарапшының пікірінше, мұндай жағдайдан шығудың бір жолы - Қазақстанда қоғамда тұрақсыздық орнатуға талпынып отырған күштердің бар екенін мойындап, құқық қорғау мекемелерінің жұмысын дұрыс ұйымдастыру болмақ.