Барлық кәмелеттік жасқа толмағандарды алалаудан қорғауды күшейту қажет - Бас прокуратура

"Кәмелеттік жасқа толмағандарды барлық алалау, денелей және психикалық жәбір көрсету оқиғаларынан қорғауды күшейту қажет. Мұндай жағдай орын алса, оларды ерекше жариялап, арнайы тізімге енгізу керек", - деді А. Кравченко.

Оның пайымдауынша, "кәмелеттік жасқа толмағандардың өзіне-өзі қол жұмсау немесе соған ұмтылу фактілерінің барлығының тиісті мекемеаралық тіркеуін енгізу керек". Сондай-ақ, "жасөспірімдердің денелей, сезімдік және әлеуметтік титықтау белгілері мен симптомдарын анықтауға бағытталған ата-аналар мен педогогтарды оқыту ісін қолға алу керек", - деді департамент бастығы.

Сонымен қатар, Бас прокуратура "жасөспірімдер мен кәмелеттік жасқа толмағандарға психологиялық көмек беру орталықтарын ұйымдастыру қажет деп санайды. Онда аты-жөнін тіркемейтін қызметті және сенім телефонын орнатқан жөн". Сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі психологтар қызметінің нәтижелілігін бақылауды күшейткен дұрыс.

А. Кравченко, Бас прокуратура "Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау" деген тақырыпта жүргізген сараптамасын еске салды. Онда "2005-2007 жылдар аралығында кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған өзіне-өзі қол жұмсау деректері және соған ұмтылыстар" жинақталып көрсетілген.

Аталмыш сараптама республикамызда балалардың өзіне-өзі қол жұмсау санының артып келе жатқанын көрсетіп отыр. А. Кравченконың мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш уақыт аралығында жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсаудың 750 дерегі мен 1146 талпыну оқиғалары болған. Өз-өзіне қол жұмсағысы келген балалардың орташа жас мөлшері 14 пен 17 жас аралығында.

"Өзіне-өзі қол жұмсауға әсер еткен себептердің сараптамасы, көбінесе, заңға байланысты туындаған кикілжің, қылмыстық жауапкершілік алдындағы қорқыныш, қандай да бір іс жасағаны үшін ата-ана алдындағы қорқыныш, мектепте жасаған ісі үшін қорқыныш осы іске итермелегенін көрсетіп берді", - деп атап көрсетті А. Кравченко.

Оның айтуынша, балалардың арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау дерегі туралы мемлекеттік органдардың мәліметтері "көбінде бір-біріне қарама-қайшы және толық емес. Жоғарыдағы деректер бойынша бірлескен статистика республикада әзірге жоқ".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті