Танымал блогер достарының басын қосып, болашақ жарына ұсыныс жасады. Оның таңдауы орамалдағы аруға түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Сені тапқаныма Аллаға шүкір. Жаратқан сізге де екінші жартыңызды табуды нәсіп етсін", - деп жазды ол.
Блогердің парақшасына оның болашақ жары да жазба қалдырды.
Жазбада "Бәріңе сәлем! Бұл постты оның қалыңдығы жазып отыр. Барлық қыздарға пока!" делінген.
Желі қолданушылары да блогерді құттықтап, тілектерін жарыса жазуда.
"Бақытты бол, Жәкебай!", "Бар жақсылықты тілеймін", " Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін", "Құтты болсын, жұғысты болсын", - деп жазды олар.