Ойын тартысты өтіп, «каталондықтар» «Корольдік клубты» тас талқан етіп жеңді - 4:0.
Суарес ойынның 11 және 74-ші минуттарында екі голды қарсылас қақпасында тулатты. Неймар 39 минутта есепті еселесе, Иньеста 53-минутта төртінші голды салған болатын.
Кездесу барысында Родригес, Алвес, Рамос, Карвахаль, Бускетс сынды ойыншылар ескерту алып, Иско алаңнан қуылды.