Орта буын өкілдері арасында өткізілген конкурсқа Испанияның барлық аймағынан 1500-ден астам коледж қатысушылары өз шығармаларын ұсынды, деп хабарлайды ҚР Сырты істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«Дом Азия» қоғамдық ұйымының, Испания Білім министрлігі мен ҚР елшілігінің өкілдерінен тұрған қазылар алқасына испандық оқушылардың толық және қызықты шығармалыры ұсынылды. Қазылар алқасының шешімі бойынша ең үздік шығарма жазған 17 финалисттің ішінен өзінің жұмысын «La encrucijada de dos mundos» (Екі әлемнің тоғысуы) деп атаған Каталониядан келген Глория Масия Муньос (Gloria Macia Munoz) жеңімпаз атанды.
Барселонадағы салтанатты құттықтау рәсіміне қазақстандық дипломаттар, «Дом Азия» ҚҚ бас директоры, Испания сыртқы саясат ведомстволарының жоғары шенді өкілдері қатысты.
Конкурс жеңімпазына «Дом Азия» қорының бас директоры Хесус Санс пен Қазақстан елшісі Ерғали Бөлегенов қол қойған сертификат салтанатты түрде табыс етілді.