«Барселонадан» жаңа футболистерді тіркеуге тыйым салу алып тасталды


«ФИФА апелляциялық комитетінің басшысы Ларри Муссенден клубқа салынған санкцияны, мәселенің күрделілігін, келесі тіркеу кезеңінің басталу мерзімін (2014 жылғы 1 шілде) және Спорттық төрелік сотқа клуб берген апелляция трансферлік терезе басталғанға дейін қаралуы үшін ФИФА Апелляциялық комитеті істі ерте қарай алмайтынын ескерді», делінген ФИФА хабарламасында.