"Барселонаның" қорғаушысы әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды

Осылайша ол 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

23 жастағы қорғаушы 28 қыркүйек күні Финляндияда операция жасатады.

Араухо жарақатты Уругай пен Иран (0:1) құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде алды. Ол оң аяғынын санын сындырып алған.

"Барселона" командасы қорғаушының қатарға қашан оралатынын нақты айтпады. Бірақ, инсайдерлер уругвайлық футболшы қатарға тек 3 айдан кейін қосылатынын хабарлады.

Осылайша Арауха 2022 жылдың 20 қарашасында басталатын әлем чемпионатына қатыса алмай қалуы мүмкін.


Еске салайық, әлем чемпионатында Уругвай құрамасы Н тобында Португалия, Оңтүстік Корея және Гана құрамаларына қарсы ойнайды.

Ал әлем чемпионаты 20 қарашада басталып, 18 қыркүйек күні мәресіне жетеді.