Клуб президенті болып 58 жастағы испан заңгері Жоан Лапорта атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоан Лапорта бұған дейін де "Барселона" президенті болған - ол бұл қызметті 2003-2010 жылдар арасында атқарды. Осы кезеңде клуб төрт рет Ла Лиганы, екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Жалпы алғанда 12 турнирде топ жарған.
Клуб президентіне кандидаттар қатарында Виктор Фонт пен Тони Фрейша болды. Эмили Руссо мен Аугусти Бенедито сайлауды жалғастырмай, өз кандидатурасын алып тастаған.
Сайлау нәтижесі бойынша Лапорта 54,28 пайыз (30 184 дауыс) жинады. Виктор Фонтқа 29,99 (16 679), Тони Фрейшаға 8,58 (4 769) адам дауыс берген.
🎙 Joan Laporta: "The fact that the best player in the world came to vote today, along with his son, is proof that Leo #Messi loves Barça."
pic.twitter.com/plnEpSAlfu— FC Barcelona (@FCBarcelona) March 7, 2021
Былтыр қазанда Хосеп Мария Бартомеу "Барселона" президенті қызметінен қуылған болатын. Соңғы жылдары клуб нәтижесі төмендеп, команда капитаны Лионель Месси клубтан кетпек болған еді.