Жоба басталғаннан-ақ ауыл тұрғындарының назарын аударды. Агротехнологияларды оқытуға округтегі бес ауылдың тұрғындары қатысты. Сарышығанақ ауылында өткен «Картоп өсіру агротехнологиялары» көрме-тұсаукесері жобаның маңызды нәтижесімен қатар, 200-ден астам адамға шабыт сыйлады. Жоба аясында 78 отбасы көкөніс өсірумен айналысуға, ал 13 отбасы кәдесыйлар мен ұлттық текемет өндірісін бастауға шешім қабылдады. Көрме барысында өткізілген шеберлік дәрістері мен табысты тәжірибелерді талқылау ауыл тұрғындарына агробизнес мүмкіндіктерін нақты көрсетіп берді.
Жобаның миссиясы – ауыл тұрғындарын өз ісін ашуға ынталандыру. Оның тәжірибелік маңызы – жеке шаруашылықтарда жұмыс орындарын құру және тұрғындардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Жобаға қатысушылар бұл бастама өмірді жақсартуға деген ұмтылысты оятатынын атап өтті.
- Адам үшін бір ғана орын маңызды – ол шағын Отан! Біз қай жерде жақсы өмір бар деп армандай беруге боламыз, бірақ армандарымызды жүзеге асыратын орын – бұл өз үйіміз бен ауылымыз! Сондықтан біздің жоба – өзіміз үшін және біз туралы! — дейді жобаға қатысушының біріТимур Сәдуақасов.
Айрықша іс-шара Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясының Ақсу филиалында өтті. Онда жоба таныстырылып, қала әкімі аппаратының басшысы қор жетекшісі Қалимаш Баймұқановаға аймақтың әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хат табыстады. ҮЕҰ өкілдері мен қонақтар мұндай жобалар азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды бөлігі екенін және адамдарды ортақ мақсат төңірегінде біріктіретінін атап өтті.
Жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесіне қатысу арқылы жүзеге асты. Жәрмеңке ең шалғай ауылдардың өзінде арманды шындыққа айналдыруға мүмкіндік береді. «Баршаға арналған бизнес – кіру тегін» жобасы – бір идеяның тұтас қауымдастықтың өмірін қалай өзгертіп, даму мүмкіндіктерін ашып, адамдарды ортақ мақсаттарға жұмылдыра алатынының жарқын мысалы.